Ата-аналарға кеңес
Баланың 1 жас 6 айдан 1 жас 9 айға дейін дамуы
Бір минутта тыныштық жоқ!
"Мен өзім!"- бұл Сіздің балаңыздың ұраны! Ол ұрыншақ, қозғалыс қимылы өте көп. Мысалы, бір күні биіктікке шығып алып - ол өзінің жаңа мүмкіндіктерінен ләззат алады - және ол Сіздің кеңестеріңізді әлі түсіне қоймайды, мұны ол қайта-қайта қайталауы мүмкін. "Сіз оның қысқа мерзімде қалай көп нәрсеге қол жеткізетініне таң қаласыз: тек бұрылсаңыз болды, – ол қазірдің өзінде бұзақылық жасап үлгереді, бір жерге шығып кетуі немес бірдеңені жағып жіберуі мүмкін... Шынында да, ол бір секундты да жоғалтпайды - ол үшін айналада әлі де белгісіз нәрсе көп! Табиғат ананың өзі оған белсенділік позициясын берген – ол үшін қоршаған әлемді игеру өте маңызды - бұл оның уақтылы дамуының кепілі. Нәресте жаңа дүниелердің қуанышына, бәрін білуге деген талпынысқа толы және осының бәрін ол өз тәжірибесінде көргісі келеді. 1 жыл 9 айға келе ол көптеген нәрсені өз бетімен үйреніп, оның «екінші тынысы» ашылады, ол одан да артық белсенділік таныста бастайды. Шыдамды болыңыз! Сіз ақылды Анасыз.
Бала бәріне қызығушылық танытады - Сіз оған не айтасыз және көрсетесіз, оған нені және қалай үйрететініңізге мән бересіз. Оның толық дамуын қамтамасыз еткіңіз келе ме? Оған мүмкін болатын еркіндікті ұйымдастырыңыз, сүйіспеншілік пен қолдау көрсетіңіз, мүмкіндігінше көп көңіл бөліңіз – мұның бәрі оның болашақ қабілеттері мен мүмкіндіктерінің берік негізін "қалау" үшін өте маңызды.
Біз өсіп келеміз…
Бала бір жарым жасқа толғанда - оның мінез-құлқы өзгере бастайды, өйткені оның өзін көрсетуге жаңа мүмкіндіктері туындай бастайды. Ғалым- нейрофизиологтар дәл 1 жыл 6 айдан 1 жыл 9 айға дейін баланың миының дамуында, әсіресе сөйлеу және танымдық дамуға жауап беретін бөлімдерде сапалы "секіріс" байқалады. Бала одан да жақсы айналасындағыларды бағдарлай бастады, оны белсенді зерттеп, тани бастайды.
Міне, осы жастағы нәрестенің уақтылы және үйлесімді дамуы туралы бірнеше деректер:
- Бала белсенді түрде (бұрынғыдай) айналасындағы заттар мен ойыншықтарды зерттейді – бірақ қазір ол олардың сыртқы қасиеттеріне (ашық түс, дыбыс, пішін) назар аудармайды, өйткені ол осы заттарды мақсатына сай пайдалану процесіне қызығушылық танытады. Ол олардың тән қасиеттері мен ерекшеліктерін "зерттейді".
- 1 жыл 9 айға қарай - бала ойнауға бұрынғыдан 4 есе көп уақыт жұмсайды. Ол ойындар мен іс-шаралар кезінде көп алаңдамайтын болады.
- 1 жыл 9 айға қарай бала Сіз ұсынған ойынды ойнағысы келетін – келмейтінін өзі таңдай бастайды. Сіз оны жаңа, қызықты және түсінікті ақпаратты, эмоционалды ойындармен ғана қызықтыра аласыз.
- Ойын жағдайын бағалауда бала ересек адамның эмоционалды қатынасына көбірек көңіл бөледі (мысалы, Сіздің бетіңізге қарайды – егер ол бір нәрсені түсінбесе, осылайша түсіндіруді, жаңа ақпарат алуды күтеді). Бала жаңа құбылысты Сізбен бірге сезінеді;
- Танымға деген барлық құштарлығымен - нәресте сақ бола бастайды, мысалы: белгісіз затқа қол тигізіп, алдымен саусағын қолданады, оны "қауіпсіздікке" тексереді, содан кейін ғана бүкіл алақанын қояды. Өмірдің 2-ші жылының басындағы балаларға тән мазасыздық және әдеттен тыс нәрседен қорқу азая бастайды "Анам қасымда, Анам сабырлы, сондықтан мен алаңдамауым керек", - деп ойлайды сәби.
- Сонымен, мұның бәрі баланың өзінің мағыналы өмірінің жаңа деңгейіне шыққанын білдіреді: ол затты, ойыншықты ғана емес, сонымен бірге ол не үшін қажет екенін және оны қалай пайдалану керектігін түсіне бастайды. Оған көмектесу керек.

