“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Балаларды екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптарының суреті салынған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін балалар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Орманда қандай жануарлар бар?
4. Үй жануарларының төлдерін көрсет?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Сүт тағамдарын көрсет?
7. Үй жануарларын көрсет?
8. Балабақша неше қабатты?
9. Күзде не сарғаяды?
Керекті суреттер: қалам, жеті, жабайы аңдардың суреттері, үй жануарларының суреттері, бес, сүт тағамдарының суреттері,екі, жапырақ.
Сөздік ойыны.
1-нұсқа.
Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы сөйлемді таңдайды. Ол сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды.
Күзде жаңбыр жауады, ал қыста...(қар жауады).
Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде...(жапырақтар түседі).
2-нұсқа. (көлем туралы).
Бұта аласа, ал ағаш...(биік).
Бұлақ тар, өзен...(кең).
Тәулік бөліктері туралы.
- Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал... түскі ас ішеміз.
- Біз кешке тамақ ішеміз, ал... жаттығу жасаймыз.
- Түнде біз ұйықтаймыз, ал... серуендейміз.
- Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз.
- Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды...көреміз.


