Ата-аналарға кеңес "Баланы ата-аналарды тыңдауға және оларды естуге қалай үйрету керек"
Бұл біздің өмірімізде жиі болады. Сіз балаңыздан бірдеңе жасауды сұрадыңыз, ол Сіздің сұрағыңызды тіпті елегісі келмейді немесе қысқаша "жоқ", "болмайды" деп жауап қайтарады. Біз баламызбен кішкентай кезінен толық қарым-қатынасты қалаймыз, бірақ дұрыс қарым-қатынас үнемі бола бермейді, бұл ретте ашуланасыз, ренжисіз, қамығасыз.
Ф. Фабердің, Э. Мазалиштің кітаптарында бұл туралы өте пайдалы "Балалар тыңдау үшін қалай сөйлесу керек және балалардың не айтатынын қалай тыңдау керек" деген ақпарат бар. Дәл осы кітаптан жауап табуға және негізгі ойды түсінуге болады. Бұл мақалада біз Сіз бен баланың арасындағы жылы қарым-қатынасты сақтауға көмектесетін бірнеше амалдарды көрсетудің кейбір себептерін атап өткіміз келеді.
Балалар үшін олардың сезімдерін қабылдау маңызды. Көбінесе олар айыптауларды, қоқан-лоққыларды, бұйрықтарды, нотацияларды, салыстыруларды және сарказмды үнемі естігенде тыңдауды және бағынуды тоқтатады. Олар іштен тынып, өздерін жауып, қорғаныс позициясын қабылдайды. Баланың ішкі әлемі бар және Сіздің сөздеріңіз оны қатты ренжітуі мүмкін, бірақ ол оны сыртынан көрсетпейді. Бұл оған қалағанының бәрін жасауға рұқсат беру керек дегенді білдірмейді, бірақ Сіз оған балама ұсына аласыз. Сонымен, қалай болу керек?
- Нәтижеге жету үшін алдымен өзіңізге назар аударыңыз.
- Баланың Сізге қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Сыпайы, сабырлы дауыспен сөйлеңіз.
- Өз ойыңызды қысқаша, жұмсақ және дәл айтуға тырысыңыз.
Біз балаға Сіз сұраған нәрсені өз бетімен жасағысы келетін бірнеше жолды ұсынамыз.
1. Жағдайды сипаттаңыз
Сіз көрген нәрсені немесе мәселені сипаттаңыз.
Адамдар сен дұрыс жасамадың деп айтқан кезде, сен өзіңді дұрыс ұстай алмайсың.
"Сен тағы да ойыншықтарды жинамадың! Саған бұл туралы қанша айтуға болады!» - деудің орнына,
айтамыз: «Аня, ойыншықтардың бүкіл еденге шашырап кеткенін көремін, оларды басып кетуге немесе оған аяғымыз ілініп кетіп, құлап қалуымыз мүмкін ".
Біреу оны жай ғана сипаттаған кезде, оған назар аудару оңайырақ. Яғни, мәселені сипаттаңыз және балаларға не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік беріңіз.
2. Ақпарат ұсыныңыз
"Кім сүт ішіп, орнын жинамай кетті"- деудің орнына,
Біз: "Балалар, егер сүтті тоңазытқышқа қоймасаңдар, сүт ашып кетеді"- дейміз
Балаға ақпарат берілгенде, олар әдетте не істеу керектігін өздері түсіне алады.
3. Бір сөзбен айтыңыз
«Саған қашанғы айтуға болады! Мен саған тіс тазалау туралы 5 рет айттым! Ал сен ойыншық ойнап отырсың! Сен менің өтінішімді орындаймын деп уәде бердің, бірақ мен бұл бағытта кем дегенде бір нәрсе жасалғанын көрмеймін» - деудің орнына.
"Тістер!»- дейміз.
Балалар дәрістер мен ұзақ түсініктемелер тыңдағанды ұнатпайды. Еске неғұрлым қысқа салсаңыз, соғұрлым жақсы қабылдайды.
4. Өз сезімдеріңіз туралы сөйлесіңіз
Балаларға олардың мінезі немесе жеке басы туралы ескертулер жасамаңыз
Оның Орнына: Тоқта! Мен сені өзіммен бірге алып кетуім керек деген не?! Сені тәрбиесіз бала сияқты, неге ертіп жүруім керек!
"Маған не істеу керек екенін айтқанды қаламаймын, одан да мен естігім келеді: "Әке, мен дайынмын. Мені өзіңізбен бірге алсаңыз қайтеді"
5. Ойнаймыз
- "Тезірек жүріңіз, қашанғы сені тосып тұруға болады!"- деудің орнына,
- "Кім есікке тезірек жетеді! – деген дұрыс.
- "Бар, тісіңді тазала!"- дегенше,
- "Назар аударыңыз! Ғарыш кемесінің есіктері 9, 8, 7...–ден кейін жабылады!» дейміз.
- "Телефонмен сөйлесуге кедергі жасама!"- деудің орнына,
- Біз: "Аздап шыдасаң, сені тосынсый күтіп тұр"- дейміз.
- "Көңіл-күйімді бұзбашы!"- деудің орнына,
- Біз: "Қараңыз! Бұл кім? Қыңырлық! (сіз кез-келген кейіпкерді ойлай аласыз) сондықтан оны тезірек шығарайық, әйтпесе ол біздің көңіл-күйімізді бұзады!"- дейміз.
- "Неге мені естімейсің? Қанша рет қайталау керек?"- деудің орнына,
- "Бүркіт Қарлығашты шақырады, қабылдау! Байланысты тексеру, мені қалай еститініңізді хабарлаңыз! Мен маңызды ақпаратты беремін"-деген орынды.
- "Үшінші күні сол лас күртешемен жүресің бе, басқасын ки!"- дегеннен,
- Біз: "Сіздің сүйікті курткаңыз жууға кетіп, сізге сәлем беріп, әпкесін жіберді"- дейміз.
- "Мен қазір сені оңдырмаймын!"- демей,
- Біз: "Балалар өздерін жақсы ұстамаса,оның анасы Мыстан кемпірге айналып кетеді" - дейміз.
- "Мен сенен қалай шаршадым!"- деудің орнына,
- Біз: "Менің ашуым қазірдің өзінде апельсиндей", "Енді қауындай", " Ал енді, қазір үлкен қарбыздай!» "Бәрі, қазір жарылып кетеді, сақ бол!»
- "Тез ұйықта!" – дегеннен гөрі,
- Біз: "Керісінше, төсекке жат, түнде ақ тиін (немесе басқа кейіпкер) секіріп, саған печенье әкеледі" дейміз (түнде біз оны төсекке қойып қоямыз).
- "Мультфильмдерді тез өшір!"- демей, "Теледидарға да демалуға уақыт келді"- дейміз.
- "Жылауды доғар!"- деудің орнына,
- Біз: "Ой, енді сенің көз жасыңнан үлкен шалшық болады, біз оған батып кетпесек!"
- "Таудан тез түс, құлайсың!"- демей,
- Біз: "Бұл қай каскадер? Тауға шығу тек дулыға және сақтандырумен ғана!"-дейміз.
Қорытындылай келе, әрине, Сіз үнемі өзіңізді ұстай алмайсыз! Өзіңізді кінәламаңыз, сіз тірі адамсыз. Сіз шынымен ашуланған кезде, балаңызға өз сезімдеріңізді түсіндіріңіз: мен ашуланамын, өйткені біз кездесуге кешігіп қалуымыз мүмкін". Айқайламаңыз, атап айтқанда түсіндіріңіз. Бала сіздің адалдығыңызды бағалайтын болады.

